Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Қазақстан нарығына Kia Ceed Special Edition арнайы топтамасы
07 қазан 2024

Қазақстан нарығына Kia Ceed Special Edition арнайы топтамасы

2024 ж. 7 қазан, Алматы – Қазақстандағы Kia-ның ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамына кіретін Allur Motor Qazaqstan компаниясы Қазақстан нарығында танымал Ceed – Kia Ceed Special Edition хэтчбегінің арнайы топтамасы ұсынылатынын хабарлайды. Арнайы топтама автокөлік және интерьер бейнесіндегі жаңаша шешімдермен көз тартатын Kia желісін толықтыра түспек.

Kia Ceed ұсынатын артықшылықтарды толығымен сақтай отырып, Kia Ceed Special Edition өз иелерінің дербестігін көрсетуге көмектесетін ерекше бейне қалыптастырады. Жаңа нұсқа кез келген ракурстан қараған кезде өзінің батыл, бірақ талғампаз стилімен баурап алады. Бұрын тек GT-Line жабдықталымына орнатылған талғампаз жарықдиодты фаралар мен спорттық артқы жарықдиодты шамдар автокөлік бейнесіне сән және сенімділік береді. 17 дюймдік GT-Line жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілері танымал хэтчбектің сәнді профиліне бұрынғыдан да көп спорттық динамика қосқан. Kia Ceed Special Edition нұсқасы үшін арнайы шанақтың түстер палитрасына осы нұсқаның «ерекше белгісіне» айналған Wolf Gray түсі қосылды.

Kia CEED Special Edition автокөлігінің әсем интерьері ыңғайлылық пен жайлылық сезімін береді. Ceed-ке тән мінсіз эргономика иесіне демалуға және бірегей Special Edition премиалды элементтері жасайтын жайлы атмосферадан ләззат алуға мүмкіндік береді. Арнайы Yuka Steel Gray түсіндегі жасанды былғарымен және матамен аралас әрленген орындықтар тек осы нұсқа үшін қолжетімді. Жоғары сапалы материалдар мен төбені қаптаған қара мата GT-line нұсқасының стилінде жасалған. Арнайы сериялы автокөліктерде шыны панорамалық шатыр бар.

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right