Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Kia Picanto және Kia Stinger британдық What Car журналының марапатына ие болды ма?
29 қаңтар 2018

Kia Picanto және Kia Stinger британдық What Car журналының марапатына ие болды ма?

Kia  автокөліктері Лондонда өткен беделді британдық «What Car?» журналының жыл сайынғы сыйлығында екі марапатқа ие болды, бұл қырқыншы рет беріліп жатқан марапат.

«Үздік қалалық автокөлік» номинациясының жеңімпазы өте шағын KIA Picanto хэтчбегі болды. Бұл модельдің «А» сегментінің үшінші буыны 2017 жылы нарыққа шығып, сатып алушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Клиенттер Kia Picanto әсерлі дизайны мен сәнді интерьерін, техникалық жабдықталымын (Apple CarPlay™ және Android Auto™ смартфондарын біріктіру жүйелері, ұялы құрылғыларға сымсыз қуат беру), сондай-ақ автокөлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейін бағалады.

«What Car?» журналының редакторы Стив Хантингфорд (Steve Huntingford) қазылар алқасының шешіміне былай деп түсініктеме берді: «Бұл сегменттегі танымал көшбасшыларды ығыстыру өте қиын болды, бірақ KIA мұны бәсекелестердікінен де кең салон ұсынып, басқаруға да қызықты автокөлік жасау арқылы жүзеге асырды».

Әлемдік премьерасы бір жыл бұрын, 2017 жылдың қаңтарында өткен Kia Stinger спорттық фастбегі брендті қабылдауды айтарлықтай өзгертті және Kia-ның жоғары әлеуетін көрсетті. Қазір Stinger сатылымы бірқатар елдерде басталды және автокөлік барлық жерде клиенттердің жоғары бағасына ие болды. Stinger моделі қол жеткізген жетістіктің қосымша дәлелі - «What Car?» журналының сыйлығы аясында құны 35 мың фунт стерлингтен жоғары «Үздік бизнес санат автокөлігі» номинациясындағы жеңіс болды. Бұл баға санатында Stinger GT-дің ең қуатты нұсқасында ұсынылып, қос турбоүрлегіші және толық жетегі бар V6 қозғалтқышымен жабдықталған. Stinger GT марка тарихындағы ең қарқынды топтамалық Kia автокөлігіне айналды: екпіндеу уақыты 100 км/сағ-қа дейін небәрі 4,9 с құрайды, ал ең жоғарғы жылдамдығы 270 км/сағ.

Стив Хантингфорд та Kia Stinger көлігін жоғары бағалады: «Бұл фастбек өзінің динамикасымен және басқарылуымен таңғалдырады. Бірақ ол жайлы және күнделікті өмірде ыңғайлы. Осының бәрі тартымды бағамен ұсынылған».

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right