Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде

Kia

шабыттанудың жаңаша қыры

Жүргізу режимін таңдау жүйесі (Drive Mode Select)

Мультимедиялық дисплей 10,25"

10,25" цифрлық аспаптар панелі

12 190 000 басталады
Тест-драйв
Автомобиль,
созданный для вас

Kia Seltos-тың жаңартылған экстерьері – болашаққа бағыттаушы. Кроссовердің шанағы талғампаздыққа ие болды, автокөліктің артқы бөлігінің дизайны өзгеріп, оптикасы жаңартылғаннан кейін сәнді пішіндерге ие болды. Озық технологиялармен жабдықталған жаңа Kia Seltos жолда жайлылық пен сенімділік күйіне бөлейді.

Экстерьер
Айқын дизайн

Әсерлі радиатор торы, алдыңғы және артқы шамдардың бірегей графикасы дөңгелек дискілерінің футуристік дизайнымен үйлесім тауып, жаңа Kia Seltos-тың жолда бірден көзге түсуіне мүмкіндік береді.

Әр сызықта стиль мен үйлесімділік біріккен.

«Жұлдызды карта» күндізгі жүріс шамдарының жаңа фирмалық графикасы Kia Seltos-ты айқындап, танымал етеді.

«Жолбарыстың күлкісі» стиліндегі радиатор торының жаңа суреті алдыңғы оптикамен керемет үйлескен, ол Kia Seltos-тың футуристік дизайнын ерекше көрсетеді.

Жаңа футуристік дизайн мен артқы шамдардың фирмалық графикасы стильдің алдыңғы бөлігімен үйлесімін көрсетеді.

Тігінен орналасқан тұманға қарсы фаралар күндізгі жүріс жарығының жаңа графикасымен үйлесіп, алдыңғы бөліктің толық, біртұтас бейнесін жасайды.

Көлік жүргізу кезінде
барынша әсерге бөленіңіз

Көлденең дизайн элементтері салонды визуалды түрде кеңейтеді. Дисплейлер мен басқару элементтері айқын көрінеді және жүргізушіге оңай қолжетімді. Сымсыз қуат беру және ұялы құрылғыларды қолдайтын аудиожүйе жолға алаңдамай байланыста болуға мүмкіндік береді.

Интерьер
Әр бөлшегіне дейін ойластырылған

Жаңа Kia Seltos жабдықталған технологиялар ыңғайлылық пен шабыт үшін жасалған. Басқару элементтері жүргізуші үшін барынша тиімді әрі жайлы орналасқан.

«Панорамалық» дисплей заманауи жоғары технологиялық салонның бейнесін толықтырады.

10,25" цифрлық аспаптар панелі жылдамдықты және автокөліктің әртүрлі жүйесінің жұмысы туралы ақпаратты көрсетеді

Жылдамдық, жүріс қоры туралы ақпаратты, круизді бақылау және Drive Wise көмекшілері туралы деректерді таратады.

Салонға ауа кіргізу немесе жолаушыларға ашық ауадан ләззат алуға мүмкіндік беру үшін оны сәл көтеріңіз немесе сырғытыңыз.

Жүк салғыш бөлігінің есігі Smart Key кілтімен автоматты түрде немесе қолмен ашылып-жабылады.

Бір рет аздап басу арқылы қосылады.

Комфорт
Сіздің жайлылығыңызға арналған шешімдер

Жаңа Kia Seltos технологияның өмірде бізге қалай көмектесетінін көрсетеді. Kia инженерлері автокөліктің сізді жаңа идеялар мен жетістіктерге шабыттандыруы және күнделікті істерде сенімді көмекші болуы үшін бәрін жасады.

Далада ауа райы қандай болса да, жайлы сапардан ләззат алыңыз. Алдыңғы орындықтарды желдету мен жылытудың қажетті деңгейін өзіңіз реттей аласыз.

Белгіленген температура мен ауа беру жылдамдығын сақтайды.

Суық мезгілде рульдің жайлы температурасы сапарды жағымды ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз етеді.

Орталық консольдегі қуат беру панелі үйлесімді смартфонды сымды пайдаланбай-ақ жылдам қуат беруге мүмкіндік береді.

Шын жүректен,
сіздің кроссоверіңіз

Спорттық әрі сәнді. Қарқынды әрі ыңғайлы. Күшті және маневрлі. Жаңа Kia Seltos-қа отырып, отбасыңызбен бірге саяхатқа шығыңыз, жоспарларыңыз бен идеяларыңызға сәйкес жүк тасымалдаңыз. Бұл кроссоверді жүргізгенде жолда драйв пен шабытты сезініңіз.

Безопасность
Қорғайтын технологиялар

Drive Wise қауіпсіздік және жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің кешені жүргізушіні, жолаушыларды және жаяу жүргіншілерді бақылауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін су жаңа технологияларды қолданады.

Бұрылу сигналы қосылған кезде BCА басқа көлік құралы анықталған жағдайда визуалды сигналдар береді. Қажет болса, жүйе тежегішті іске қосады және рульді басқарады.

RCCA артқы жүріспен қозғалған кезде сол / оң жақтан жақындап келе жатқан көлік құралымен соқтығысудың алдын алуға көмектеседі.

Белгіленген лимиттен асып кеткенде ескерту функциясы автокөліктің жылдамдығы белгіленген шектеу шегіне жеткенше іске қосылып тұрады.

Егер басқа көлік құралдары немесе кедергілер қауіпті қашықтықта орналасса, тұраққа қауіпсіз және сенімді қоюға көмектесу үшін PDW бамперлерге орнатылатын ультрадыбыстық берілгілерді пайдаланып, дыбыспен ескертеді.

Интеллектуалды круизді бақылау белгіленген жылдамдық пен оңтайлы қашықтықты сақтайды, қажет болған жағдайда автокөлікті толық тоқтағанша баяулатады. Қозғалысқа кедергі болмаған кезде жылдамдықты қалпына келтіреді.

ҚОЗҒАЛТҚЫШ
Ертеңге деген ұмтылыс

Жаңа Kia Seltos-та бірқалыпты қозғалысқа қажетті қасиеттердің ойластырылған үйлесімі бар. Кроссовер қуат пен тежеудің оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Автокөлік жүргізуші командаларына оңай жауап береді, жылдам және ыңғайлы жүруге дайын. Қандай жол болмасын, Kia Seltos-пен сенімді боласыз әрі алаңдамайсыз.

Сипаттамалар
>
149 а.к.
Қуаты
180 Н·м
Айналу сәті
9.3 c
Екпіндеу 0-ден 100 км/сағ дейін (бұл қозғалтқыш үшін ең аз мән)
Жабдықталымдары
Қозғалтқыш Seltos
Classic
12 190 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

2.0 / 149 а.к. / Бензин / Вариатор / Алдыңғы жетек

Comfort
12 690 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

2.0 / 149 а.к. / Бензин / Вариатор / Алдыңғы жетек

Classic
12 890 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

2.0 / 149 а.к. / Бензин / Вариатор / Толық жетек

Comfort
13 390 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

2.0 / 149 а.к. / Бензин / Вариатор / Толық жетек

Luxe
13 490 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

2.0 / 149 а.к. / Бензин / Вариатор / Алдыңғы жетек

Luxe
14 190 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

2.0 / 149 а.к. / Бензин / Вариатор / Толық жетек

Style
15 790 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

2.0 / 149 а.к. / Бензин / Вариатор / Толық жетек

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кепілдік және сервис

Kia автокөліктері автокөлік өндірісінің ең жоғарғы стандарттары бойынша өндірілген. Дәл осы ерекше сапа Kia-ға кепілдіктің ерекше шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Толығырақ
КЕҢЕС БЕРУ
Kia Seltos туралы толық ақпарат алу
Дилердің қоңырауына тапсырыс беру


Толығырақ
Жыйрату
Жайлылық

Сәнді мультимедиалық жүйе сапардың мәртебесі туралы хабарлайды және жолда көңіл көтереді

Кіріктірілген Bluetooth арқасында үйлесімді смартфонды қосып, музыка тыңдауға, қоңырау шалуға және навигацияны пайдалануға болады.

Орталық консоль заттарды сақтауға арналған қосымша зат салғыштармен және қолға ыңғайлы орынды таңдауға мүмкіндік беретін реттелетін шынтақ қойғышпен жабдықталған.

Түймешелерді жай ғана басу арқылы ыңғайлы жылдамдық режимін орнатуға, өзгертуге және өшіруге болады. Жылдамдық шектегіші автокөлікті қала жағдайында жүргізуді ыңғайлы етеді.

Руль дөңгелегіне орнатылған түймешелер аудиожүйені жолға алаңдамай-ақ басқаруға мүмкіндік береді.

Осы жүйенің көмегімен қозғалтқыш кілтсіз іске қосылады, түймешені жай ғана басу керек.

Түймешені бір рет басу арқылы салонның оңтайлы температурасын таңдаңыз, сонда теңшеулерді өзгерткенше немесе жүйені өшірмейінше жүйе оны автоматты түрде сақтап тұрады.

Сыртқы жарық қосқышын Auto күйіне бұраңыз, ал жүйе алдыңғы және артқы шамдарды сыртқы жарық деңгейіне сәйкес қосады.

Қауіпсіздік

Picanto шанағының негізгі түйіндерінің 40%-дан астамы ыстықтай қалыпталған болат элементтерін қолдана отырып, беріктігі жоғары AHSS болаттан тұрады. Бұл соққы кезінде шанақтың беріктігін және бұралу қаттылығын едәуір арттырды, салон қорғанысы мен автокөліктің басқарылуын жақсартты.

Жүргізуші мен жолаушыларды қорғау үшін, соқтығысу кезінде жарақат алу қаупін азайту үшін жаңа Picanto-да алдыңғы қауіпсіздік жастықшалары, сондай-ақ бүйірлік жастықшалар мен қауіпсіздік перделері көзделген.

Артқы тұрақ берілгілері басқа көлікке немесе кедергіге жақындағаныңызды ескертеді, бұл артқы жүріспен тұраққа қоюды едәуір жеңілдетеді.

Биікке көтерілу кезінде HAC жүйесі қауіпті кері кетудің алдын алады. Тежегіш педальды босатқан кезде жүйе автокөлікті қозғалыссыз ұстайды, бұл акселератор педалін басуға уақыт береді.

ESC жүйесі бұрылыстарда автокөліктің тұрақтылығын оңтайлы тежеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Ол айналу сәті мен жол жағдайына байланысты дөңгелектердің арасындағы тежеу күшін автоматты түрде қайта бөледі.

ABS жүйесі қозғалыс бағытын сақтай отырып, барынша тежеу тиімділігін қамтамасыз етеді.

Бүйірлік қаттылықты және әр дөңгелектің радиусын үнемі өлшей отырып, TPMS жүйесі аспаптық панельдегі индикатор арқылы шиналардағы қысымның төмендегенін ескертеді.

GT Line
Әсерлі эмоциялардан қуат алыңыз

Қызыл түсті тігіс орындықтарды, руль дөңгелегінің әрлеуін және жабынын безендіреді, бұл автокөлікке спорттық сипат береді.

Жарығы бар дизайнерлік есік кіріктірмелері салонға атмосфера қосады және оны әсерлі етеді.

Аспап панелінің жалпы дизайнына мінсіз кіріктірілген, үлкен экраны бар мультимедиа жүйесі сізді қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етеді, ал нақты навигация оңтайлы бағыт жасайды.